ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда ішімдікке салынған 46 жастағы тұрғын анасын ұрып-соққан
Оқиға 9 мамыр күні болған.
«102» операторына егде жастағы әйелден өзінің баласы мас күйінде отбасылық жанжал шығарып, үйінің терезесін сындырып, соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Ер адам ішімдік ішуін және егде жастағы анасымен жанжалдасуын қоймай, оған психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен.
Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі (Ұрып соғу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.
- Айта кету керек соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мəселесе өзекті мəселеге айналып отыр.