Атырауда ірі мұнай-газ кәсіпорындары көшеттер отырғызуға тартылады
Экология мәселесін шешу үшін Атырау облысында жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызу жоспарланған. Шараға мұнай-газ секторының 20-ға жуық кәсіпорны тартылады.
Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«2021 жылдан бастап орман қоры мен елді мекендердің жерлерін қоса алғанда, 6 мың гектарға көгалдандыру және жасыл желек отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін ірі мұнай-газ кәсіпорындарын тарту көзделген. Көгалдандыру жұмыстары 3 жылдан 10 жылға дейін жалғасады. Олар барлық аудандарда жүргізіледі, бұл жыл сайын 100 мыңға жуық көшет отырғызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өңірдің өзекті экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын әзірленді», — деп атап өтті әкім.
«Жол картасы» қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша барлық салаларды қамтитын 40 тармақтан тұрады.
Жайық өзенін сақтау және тиімді пайдалану мәселесі аса өзекті. Оның ағынының шамамен 80% көрші Ресейде қалыптасады. Демек, өзеннің төменгі ағысында орналасқан аймақтың жоғары ірі су қоймалары мен гидротехникалық құрылғыларға тәуелді. Ағын көлемі соңғы 2 жылда 3 есеге қысқарды. Сондықтан Жайық пен Қиғаш 200 км-де түбін тереңдету жұмыстары бірнеше жылдан бері іске асырылып келеді.
«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»