Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда интеллектуалды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

Аtr.kz/25 сәуір, 2019 жыл. Атырауда алғаш рет интеллектуалды жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды. Пилоттық жоба Тұрғындар қалашығы аумағында жүзеге асты.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы 310 жол белгісі орнатылған болатын.

Жоба авторы Виталий Олещенконың айтуынша, құны 400 мың теңге тұратын жаңа жоба түгел өз қаржысына жасалған.

«Егер тұрғындарға ұнап, жергілікті бюджеттен қаржы бөлетін болса басқа жерлерге де орнатамыз. Кейін қалыпты жұмыс жасауы үшін өзіміз қызмет көрсетуге дайынбыз»,- дейді жоба авторы.

Жаяу жүргінші өткеліндегі жолаққа адам аяғы тиісімен жарық жолақтардың барлығы іске қосылып, жүргізушіге белгі беретін «ақылды» жүйе күн сəулесінен жинақталған энергия негізінде қызмет етеді.

Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Қанатов Данияр қалада жол-көлік апаты орын алу қаупі жоғары 7 аумақ бар екенін айтады. Интеллектуалды өткелдер əлі жарықпен қамтылып үлгермеген қала маңындағы жаңа елді мекендерге аса қажет.

Айта кету керек, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 20 жол-көлік оқиғасы орын алып, 21 адам жарақат алған.

Биыл Полиция департаментімен облыс көшелеріне 2700 жол белгісін орнату үшін əкімдікке ұсыныс берді.

Дереккөз: ATPress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button