БілімЖаңалықтар
Атырауда инклюзивті біліммен 824 оқушы қамтылған
Atr.kz/20-ақпан. Облыста инклюзивті білім беру жүйелі жүргізілуде. Нәтижесінде соңғы үш жылда мүгедек бала саны азайған.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев есепті жиын барысында осылай деп мәлімдеді.
2016 жылмен салыстырғанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны – 62, мүгедек балалар саны 60-ға төендеді. Жалпы білім беретін 117 мектептің жанында инклюзивті біліммен 824 оқушы қамтылған.
2018-2019 оқу жылында Атырау қаласындағы №6 орта мектепте 6 педагог-тәрбиеші штаты бөлініп, аутист балаларға арналған инклюзивтік кабинет ашылды. Бүгінде №5 орта мектепте де инклюзивтік кабинет ашу мақсатындағы жұмыстар жасалуда. Биыл мектеп жасындағы балалар үшін 6 балабақшада арнайы топтар ашылады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА