Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жаңа режимде жұмыс жасауда (ВИДЕО)

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Халыққа қызмет көрсету орталықтары кешеден бастап жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылдады.

https://youtu.be/e4e_IqTydz0

ҚОСЫМША:

📣ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Еліміздегі барлық ХҚКО сағат 09:00-17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

🔷️Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында

✔төлқұжат пен жеке куәлік алу,
✔зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар.

🌍Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін.

📍ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді.

«ATR-АҚПАРАТ»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button