
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯЭкономика
Атырауда халықаралық сапа күні аталып өтті
Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Атырау филиалында 14 қараша – дүниежүзілік сапа күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиынға техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті мен «ҚазСтИн» РМК АФ басшылары, сондай-ақ, өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Шара барысында бірқатар кәсіпорындарға өңірдегі сапа идеяларын дамытуға қосқан елеулі үлесетері үшін алғыс хат табыс етілді.
Ал, «Сапа көшбасшысы-2019» номинациясы бойынша «Жемчужина «Профилакториясы» ЖШС, «TESLA-TAH» ЖШС, «Denge-Энергия» ЖШС лайықты деп танылып, арнайы дипломдармен қатар, естелік мүсіншелермен марапатталды.



Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі