Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда грузиялық алаяқ ұсталды


Атырау полицейлері 3 қараша күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Грузия елінің 35 жастағы азаматын ұстады.

Ол 2012 жылдың желтоқсанынан грузин полициясымен
алаяқтық қылмысы үшін іздеуде жүрген.

2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны сырттай 7 жылға бас бостандығынан айырған. Өз елінің құқық қорғау органдарынан сегіз жыл бойы ізін жасырған азамат қазіргі уақытта Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шетелдік азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button