Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді

img 20210614 wa0048 Жаңалықтар

«Өрт 13 маусым күні болған» деп хабарлайды Atr.kz

13 маусым күні 22 сағат 19 минутта Call орталыққа өрт шыққандығы туралы хабар түскен.

«Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде, Сарықамыс ықшам ауданы, 2 қатарлы, 8 пәтерлі «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде ауданы 1275м2 (15х85) болатын төбе жабындысы мен 2-ші қатары өртеніп жатқан.
Өрт кезінде 21 адам оның ішінде 10 бала өздігінен қауіпсіз жерге шыққан.


Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Тұрғындар уақытша туысқандарының үйлеріне орналасты.
Өрт 00 сағат 43 минутта оқшауланып, 00 сағат 57 минутта толықтай жойылды» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Өрт себебі анықталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз