Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда есірткі сайттарын жарнамалап жүрген жасөспірімдер ұсталды

«Атыраулық полицейлер есірткі сайттарын жарнамалаған жасөспірімдерді қылмыс үстінде ұстады» деп хабарлайды Atr.kz

17 маусым күні таңғы сағат 5:00 шамасында Патрульдік полиция қызметкері Тұрғындар қалашығы шағын ауданында белгісіз екі жігіттің қабырғаға баллонды бояу арқылы жазба салып жатқандығын байқайды. Мәселенің мән-жайын анықтаған полицейлер олардың кәмелет жасқа толмағандықтарын анықтады.


Қабырғадағы жазбалардың есірткі сайттарының атаулары екендігі дәлелденді. Және де жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше ауданында да жазғандығы олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жасөспірімдердің қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал, түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды» делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button