Атырауда еркін күрестен халықаралық турнир өтті

87257653 2659954407558267 1162274981304860672 o 1 Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. «Жайық» спорт кешенінде Кеңес одағының спорт шебері, Мақат ауданының құрметті азаматы Боран Ақмұрзиевтің  рухына арналған еркін күрестен 2005-2007 жылы туылған жасөспірім арасында халықаралық турнир өз мәресәне жетті.

Екі күнге созылған боз кілем сайысына еліміздің әр өңірінен келген балғындардан бөлек  Ресей мемлекетінен үш бірдей команда қатысты.  300-ге жуық палуан жыйылған турнирдың ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев сөз алып,  жасөспірімдерге жеңіс пен сәттілік тіледі.

Тартысқа толы өткен кездесулер нәтижесінде Арсен Еркінов (Құрманғазы ауданы, 32 кг), Мирас Талғатұлы ( Тараз қаласы, 35 кг), Наурызбек Алпысбай (Атырау қаласы, 38 кг), Досжан Құл-Ғайып (Алматы қаласы, 41 кг), К. Ислам (Ырғыз ауданы, 45 кг), 48 кг Айдын Бекбаев (Атырау қаласы, 48 кг), Жангелді Өтеулі (Ақтау қаласы, 52 кг), Сержан Құттыбекұлы (Индер ауданы, 57 кг), Әділет Мерік (Алға ауданы, 62 кг), Абдуллах Сүлеймен (Ақтау қаласы, 68 кг), Навруз Ахмедханов (Ақтау қаласы, 75 кг), Камиль Кургулиев (Ақтау қаласы, 85 кг) өз салмақтарында жеңімпаз атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bordaj-audanynda-%d2%9b%d2%b1ry%d2%9btal%d2%93an-azamat%d2%9ba-%d2%9batysty-%d2%9bata%d2%a3-zhaza-%d2%9boldanylady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз