Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ерекше жандарға арналған ретро әндер фестивалі өтті

Атырау қаласындағы ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсетуге бағытталған «Тең қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қызмет алушылар үшін ерекше мәні бар іс-шара ұйымдастырылды. Жоба қатысушылары «Жүрегім ән деп соғады» атты ретро әндер фестивалінде өз өнерлерін паш етті.

e2185325 1682 453a a710 165c0dec91a6

Фестивальдің басты мақсаты – ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік беру және өнер арқылы әлеуметтік қолдау көрсету.

Қызмет алушылар бұл шараға ерекше ынтамен дайындалды. Әндерді бірнеше мәрте қайталап, кәсіби деңгейде орындауға тырысты. Ән айту үйірмесіне қатысушылар ғана емес, би үйірмесінің он алты қатысушысы да атсалысып, әндерге әсем сахналық көрініс жасап берді. Нәтижесінде өнерлі жандар бірігіп, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Жиын соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі мен белсенділігі жоғары бағаланды. Фестивальге жиналған қауым мен қатысушылардың жүзінен шынайы қуаныш пен достықтың белгісі байқалды.

«Тең қоғам» жобасы алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған осындай мағыналы әрі шабыт беретін шараларды өткізуді жалғастыра бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button