Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ерекше инвестициялық жобалар қолға алынды

Облыста өндіріс орындарын көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәлімдеуінше, 2024-2029 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы әзірленіп, өңірде 35 ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бастама аясында 4 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 2024 жылы жоспарға сәйкес 14 жоба жүзеге аспақ.

Аймаққа шетелдік инвестиция тарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп, ірі компаниялармен келіссөздер үздіксіз жалғасуда. Жоспарға сай, өңір экономикасын көтеру үшін шетелдік және отандық кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасалуда.

Іске асырылатын ірі жобалардың бірі – сыйымдылығы 15 500 тонналық заманауи көкөніс сақтау қоймасы. Нысанның құрылысы өткен жылы басталған, ал жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

–Бұл қоймада маусымаралық кезеңде көкөністердің қолжетімді бағамен сатылуын қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар, жоба аясында 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Айта кету керек, жұмысқа орналасатын азаматтардың осы салада еңбек өтілі бар жергілікті тұрғындардан таңдалуы негізгі талап ретінде қойылып отыр. Жаңа қоймада көкөніс сақтау саласындағы озық технологиялар қолданылады. Жобаны жүзеге асыру барысында Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан секілді елдердің тәжірибесі негізге алынуда, — дейді М.Мурзиев.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button