Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ер адам суға секіріп кетті

Бүгін, 28 қыркүйек 08 сағат 28 минут шамасында Атырау қаласында Тұрғындар қалашығындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз ер адам суға секіріп, төтенше жағдай орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, азамат суға өз-өзіне қол жұмсау мақсатында секірген.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар жедел әрекет етіп, ер адамды судан аман-есен алып шықты. Полицейлер де шұғыл осы жерден табылып, зардап шеккен адамға жағада алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгеріп, есін жиғызды.

Суға секірген адамды құтқаруға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 құтқарушы және бір жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінен үш қызметкер тиісті көмек көрсетті.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ал белгісіз азамат медициналық бақылауға алынды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button