Жаңалықтар

Атырауда дендропарк салынады

Атырау қаласында дендрологиялық парк салынады. Бүгінде жаңа саябақтың құжаттары рәсімделіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.

–Көптен бері айналысып жүрген тағы бірқатар жобамызбен бөліскім келеді. Біріншісі – Атырау қаласында дендрологиялық парк ашу жобасы. Былтыр Атырау қаласы маңынан 20 гектардан астам жер телімін бөліп, ғылыми негіздеме жасау жұмыстарын бастаған едік. Бүгінде республикалық Ботаника және фитоиндустрия институты жаңа парктің ғылыми негіздемесін әзірледі. Ендігі кезекте экология министрлігінен тиісті келісім алып, жобалау жұмыстарына кірісу қажет. Барлық құжаттарды рәсімдеген соң, құрылысқа да кірісетін боламыз, — дейді Жасұлан Орақұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button