ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда дала өртін болдырмау үшін 62 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған
Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов, Атырау облысы коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
- 2021 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті атқарушы органдар «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» және «Дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламалары бойынша 62 266 000 теңге қарастырылған, – деді О.Бержанов.
ТЖД бастығының мәліметіне сенсек, биыл Атырау облысының дала массивтерінде өрт оқиғасы тіркелмеген.
Сондай-ақ, О. Бержановтың баяндамасынан белгілі болғандай, Департамент ғарыш мониторингі бойынша қызмет көрсетуге «Geo Sat» мекемесімен, жалпы сомасы 1 270 000 теңге болатын келісім-шарт жасасқан. Орындаушы мекеме тарапынан («Geo Sat») 6 сәуірден бастап 58 өрт ошағының суреті ұсынылған. Алайда, департамент басшысының айтуынша, олардың бірде біреуі расталмаған.