Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда дабыл сиренасы іске қосылады

Аймақта 6 ақпан күні сағат 11:00-де «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес дабыл сиренасы іске қосылады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқу-жаттығу барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғылары қысқа мерзімге қосылады. Сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирі арқылы халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі.

Бұл іс-шара облыс тұрғындары мен қонақтарының дабылға дұрыс әрекет етуін үйрету және төтенше жағдайларда хабарландыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында ұйымдастырылмақ. Осыған байланысты аталған департамент қызметкерлері тұрғындарды сабыр сақтауға және үрейге бой алдырмауға шақырады.

А.ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button