Атырауда дәрі сатылмай жатқаны рас па?

quny Жаңалықтар

Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Telegram-дағы шағымдарға Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы әзірше мынадай жауап беріп отыр…

«Медициналық мекемелер деңгейінде мән-жай анықталуда. Бұл мәселе бойынша нақты түсінік беруге Фармация комитетінің облыстық департаменті жауапты. Қалыптасқан ахуалға қатысты жауапты тұлғалар халыққа түсінік беруі үшін брифинг өткізу қажеттігі туралы департамент басшылығына айтылды. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан осындай жағдайларды жедел қарау жұмыстары жүргізілуде. Құрамында медициналық мекемелердің директорлары бар комиссия құрылды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы оларға азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерге дәріқағаздарды кідіртпей беруді тапсырды. Осындай  дәріқағаздардың арқасында сіздер ақысыз және ақылы дәрілерді ала аласыздар. Медициналық ұйымдар дәріқағаз беруден бас тартса, біздің Call center-ге мына телефон арқылы- 8(7122) 98-02-92» немесе 8778 007 20 21 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласу сұралады»,- деп жазады денсаулық сақтау басқармасының өкілі.      

Еске сала кетейік, кейбір дәрілердің      дәріқағазсыз жіберілмейтіні туралы ақпарат бірқатар республикалық БАҚ-да бұрнағы жылы берілген болатын. Денсаулық сақтау минстрлігіне сілтеме жасай отырып, антибиотиктер мен ауруды басатын препараттарға тыйым салынатыны айтылды. Оған себеп болған – адамдардың өзін өзі емдеуге әуес болуы. Соған байланысты, қолданыстағы заңға өзгерістер енгізіп, 2020 жылы қабылдау жоспарланған болатын.

Дереккөз: ATPress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз