Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда цифрлық форматтағы «Ашық есік» күні өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік органдарда цифрлық форматтағы «Ашық есік» күні өтті.

Аталған іс-шаранының мақсаты – қызмет көрсетуші мемлекеттік орган тарапанынан қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі өздерінің заңды құқықтары туралы хабардар болуын арттыру, көрсетілетін қызметтер бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Цифрлық форматтағы «Ашық есік» күні облыстағы қызмет көрсетуші департаменттер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиалы, қала және ауданда бірыңғай түрде ұйымдастырылып, оған 1500-нан астам азамат онлайн қатысты.

Қызмет алушылар тарапынан жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, тұрғын үй мәселесі бойынша  қойылған сұрақтарға қызмет көрсетуші органдардың жауапты мамандары тарапынан толыққанды жауаптар ұсынылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button