Атырауда булану алқаптарын қалпына келтіретін экологиялық жоба басталды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосқан жоба — зауыттың сарқынды суларын булану алқабына ағызуды кезең-кезеңімен тоқтатуды көздейді» деп хабарлайды Atr.kz
Жақын арада алқаптарға кіреберіс жолдарды, алқаптардың қалалық бөлігі мен АМӨЗ-ге тиесілі бөлігі арасында қоршау бөгетін салуға арналған алаңдарды дайындау басталады.
Әрі қарай, жоба технологиясына сәйкес, булану өрістерінің аумағын 4 секторға бөліп, құрғата бастайды.
» Біз сарқынды суларды жоғары сапалы тазартуды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға ластаушы заттардың тасталуын айтарлықтай төмендететін заманауи технологиялық процестерді іске қосамыз» дейді «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбай.
Зауыт басшылығы бұл жобаның экологиялық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар аймаққа тән әлеуметтік мәселелерді де шешуге бағытталғандығын айтады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА