Атырауда «Ботаникалық» және «Отбасы» бақтарында жеміс ағаштары өсірілуде

snimok 2 Жаңалықтар

Атырауда Балықшы жəне Жұмыскер ауылдарында 2 гектардан жер бөлінген.

Оған 2200-ден астам түрлі ағаш отырғызылған. Олар негізінен алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы тəрізді жеміс ағаштарын құрайды. Сонымен қоса, егілген өскіндердің қатарында үйеңкі, қайың, жидек, арша, топинамбур секілді жас желектер де бар.

«Жеңіс» саябағының қапталындағы шағын саябақ бүгінде Атырау қаласы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Жасыл желек, көк майса келушілерді ерекше әсерге бөлейді.

– Бұл саябақтың ашылғанына 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Жері сорт аңдығы с ебепті ағаштардың көбі қурап қалған. Бары күтімсіз болатын. Иə, 2019 жылы бұл с аябақты с енімгерлікпен басқаруға алғанымызда көз алдымызда осындай көңілсіз көрініс еді. Ал, біз жұмысты айналасына жаппай ағаш отырғызудан бастадық. Ш и е , ө р і к с е к і л д і ж е м і с ағаштары егілді. Алғашқы жылы соның біраз бөлігі жерсініп, тамырын ала бастады. Келесі жылы тағы да жас шыбықтар отырғызып, топыраққа арнайы тыңайтқыштар салдық. Ашық алаңқайларға гүлзарлар егіліп, оны тұрақты суарып тұрдық. Жұмысшылардың маңдай терінің көрінісіндей саябақ аз аралықта адам танымастай өзгерді. Оған келушілердің қатары көбейгені де шын. Бұл біздің еңбегіміздің зая кетпегені деп білеміз, – деді «Каспийдормостострой» ЖШС учаске бастығы Қадырбек НҰРКЕЕВ.

Қалауын тапса…

 Серіктестік өкілінің айтуынша, Атырау қа ласын көгалдандыру жобасы бес жылға жасақталған. Оның жалпы құны 4 млрд. 690 млн. теңгені құрайды.

– Атырауды жасыл желекке а й н а л д ы р у б а ғ ы т ы н д а ғ ы қызметімізді əуежайға барар жолдың қос қапталына ағаш отырғызудан бастаған едік. Алғашқы жылы егілген 861 ағаштың 189-ы көктемей қалды. Осы жағдай біздің талмай ізденуімізге, Ақтөбе, Орал, Тараз, Алматы қалаларындағы жасыл желек өсірумен айналысатын а д а м д а р м е н т ə ж і р и б е алмасуымызға себепші болды. Муфтах Диаров, Едіге Сабыров секілді ғалымдар мен жергілікті  қариялардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық, оны ой елегінен өткіздік. Осыдан соң, қаланың кей жерлерінде тамшылатып суару əдісін қолданып көрдік. Қазіргі күні Əбілқайыр хан, Сəтбаев көшелері мен Азаттық даңғылының бойына түрлі ағаштар отырғызылып, жол жиектеріне көгал төселді. Қаланың əр жеріне əсем гүлдер егілді. Ал, жасақталған жоспар бойынша 2023 жылға дейін қала ішінде 70 мыңға жуық ағашқа күтім жасалып, 3,5 мыңдай гүл көшеті егілетін болады. Сонымен қоса, осы мерзім ішінде тағы 25 мың түп ағаш отырғызылады. Оның 2 мыңы жеміс ағашы, – деді учаске бастығы.

5 жылда 2 млрд. ағаш Алдағы бес жылда еліміздің орман алқаптарында 2 млрд-тан астам ағаш отырғызылуы, тұрғын аймақтарда 15 млн-ға жуық терек егілетіндігі жоспарланған. Осы бағыттағы жұмыс қазір Атырау облысында да жүріп жатыр. Бұдан бұрын облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов ө ң і р д е г і 4 і р і м ұ н а й компаниясына «жасыл белдеу» аймағын жасақтау туралы нұсқау бергені белгілі. Олармен меморандумға қол қойысып, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не Атырау қаласының м а ң ы н д а ғ ы « С а с ы қ с а й » (Тухлая балка) алаңынан ағаш отырғызуға 1420,9 гектар жер бөлінді. Зауыт бұл жер учаскесін 10 жылда игеретін болады. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалына аумағы 1373,5 гектар болатын жер учаскесі «Атырау–Доссор» жолы бағытындағы «Соколок» каналы маңынан берілген.

Ал, «Теңізшевройл» алдағы жылдары Қайыршақты ауылдық округі аумағындағы 1722,1 гектар жерді жасыл желекке айналдырмақ. Ортақ іске өзіндік үлесін қосатын кəсіпорынның бірі – «Ембімұнайгаз» АҚ-ы болмақ. Оларға Талқайраң маңындағы 243,2 гектар жер беріліп отыр. – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірді жасылдандыру бағытындағы жұмыстарды атқару басталды. Осы мақсатта 2021-2025 жылдары аймақтағы 2803 гектар жерге 7 млн. 75 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Биыл соның 309 гектарына 905 мың түп ағаш отырғызу көзделуде. Көктемгі тал егу науқанында 250 гектар жерге 696,4 мың түп өскін егілді. Ол жоспарлы іс-шараның 80 пайызын құрайды. Бұл жұмыстар күздің қазан-қараша айларында жалғасын табады. Ол кезде 59 гектар жерге 208,6 мың түп ағаш отырғызылады. Жас талдар негізінен Индер, Махамбет, Құрманғазы орманды алқаптары мен Атырау қаласы төңірегіндегі жерлерге егілуде. Жалпылай алғанда, бүгінде облысымыздағы мемлекеттік орман қорының а у д а н ы 5 6 2 6 5 г е к т а р д ы құрайды, – деді облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров.

Атырау қаласы əкімінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмаровтың айтуынша, биыл облыс орталығын көгалдандыру мақсатында Балықшы жəне Жұмыскер ауылдарында 2 гектардан жер бөлінген. Оған 2200-ден астам түрлі ағаш отырғызылған. Олар негізінен алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы тəрізді жеміс ағаштарын құрайды. Сонымен қоса, егілген өскіндердің қатарында үйеңкі, қайың, жидек, арша, топинамбур секілді жас желектер де бар.

Бүгінде қос саябақтың бірі – «Отбасы саябағы» деп аталса, екіншісіне «Ботаникалық саябақ» атауы беріліп отыр. Бұл жасыл желек белдеулерінің негізі «Атамекен Эко» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асуда. Тағы бір үлкен жəне кіші саябақ биыл Геолог ауылында пайда болды. Оның біріне 6 мың түп ағаш егілсе, екіншіс іне 200 түп тал отырғызылды. Олардың басым бөлігі – жеміс жəне декоративті ағаштар. Байқағанымыздай, жасылдандыру жұмыстары бағытында аймақта айтарлықтай ісшаралар қолға алынған. Енді көпшілік болып осы егілген өскіндердің бой түзеп кетуіне ш ы н а й ы ж а н а ш ы р л ы қ п е н қолғабыс берсек болғаны. Сонда төңірегіміз көз қуантарлық ж а с ы л ж е л е к к е а й н а л ы п , көңілімізде жайлылық шуағын шашатыны анық.

Жасылдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Тек осы қарқын бәсеңсімей, одан әрі көпшілік тарапынан қолдау көрсетілсе екен дейміз. Себебі, қоршаған ортаның таза әрі жасыл желекке бай болуын әрқайсымыз қалаймыз ғой. Ендеше, жасыл желектің жайқалуына бәріміз де атсалысайық, ағайын!

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз