Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда болашақ лейтенанттар оқу-жаттығудан өтіп жатыр

Атырауда әскери кафедраның тыңдаушыларымен
оқу-жаттығу жиыны басталды.

Болашақ запастағы 110 лейтенант әскери дайындықтан өтуде. Бір ай ішінде төртінші және бесінші курс студенттері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде және «Қарабатан» полигонында дайындықтан өтетін болады.

  • Оқу жиының бағдарламасы әртүрлі теориялық және практикалық сабақтарды қарастырады. Ол үшін оқу сыныптары мен жататын бөлмеле дайындалды, асханада тамақтану ұйымдастырылды. Жиын барысында курсанттар алғашқы рет атыс жаттығуларын өткізіп, салтанатты түрде ант қабылдайды. Емтихандарды тапсырып, университетте диплом алғаннан кейін оларға «запастағы лейтенант» атағы беріледі», — деді әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы майор Әлім Сапаров.

  • Қазіргі уақытта университеттің әскери кафедрасында жалпы әскери бөлімдерді жауынгерлік қолдану, аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру, қауіпсіздік және құқық тәртібі бағыттары бойынша дайындық жүргізіледі.
    Төртінші курстың студенті Әлжан Балмағамбетов университетті бітірген соң Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге бел будым деп шешті.
  • Университетте есептік техникалар мен бағдарламалық жасақтау маандығы бойынша оқимын. Мен бос уақытымда ақпаратты сыртқы қауіптерден және рұқсатсыз кіруден қорғауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құрастыруды ұнатамын. Сондықтан мен университетті бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылып, кибер қауәпсіздік бөлімшелерінде немесе радиоэлектрондық күрес бөлімдерінде қызмет еткім келеді», — дейді ол.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button