Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Атырауда бизнес қайта жанданды

«Шағын және орта бизнес секторында 126 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл облыстың жұмыс күшінің 38%-ын құрайды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Былтыр пандемияға байланысты мемлекет шағын және орта бизнес субъектілеріне айтарлықтай қолдау көрсетті, — деді аймақ басшысы. – Қазір кәсіпкерлік секторында жандану байқалады. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1,5% — ға артты. Жыл соңына дейін тағы да 0,6%-ға өсім күтілуде.

2020 жылы өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2,1 трлн. теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 2,3 трлн. теңге болады деп күтілуде. «Бизнестің жол картасы 2025» (БЖК), «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларына бөлінген 8 млрд. теңгенің жыл басынан бері тең жартысы игерілді.

Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 14 290 адам қамтылып, 1 млрд. 253 млн. теңге игерілді. Биыл 1 маусымға дейін Жұмыспен қамту орталықтарына 14 543 адам хабарласса, соның 12 739-ы жұмысқа орналастырылды. Осылайша, 1 тоқсан бойынша жұмыссыздық деңгейі небәрі 4,9%-ды құрап отыр.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button