Атырауда бизнес бастауға грант беріліп жатыр!
Атырау облысында 271 жас бизнес жобасы үшін грант иеленді.
«Өз ісін ашу мақсатында жобасын сәтті қорғаған жастарға «Бастау-Бизнес» аясында қолдау көрсетілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бастау-Бизнес» жобасымен 401 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 48 жас несие алды.
562 жас қысқа мерзімді оқу курстарына жіберіліп, 1 871 жас кәсіптік бағдарлаумен қамтылған.
Атап өтерлігі, өткен жылы «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыста 12 791 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде, 6 776 жас тұрақты жұмыспен қамтылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1 795 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 123 адам орналастырылған.