Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда «Біз біргеміз! Nur Otan» акциясында 35 млн теңге жиналды

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Атырау қаласының кәсіпкерлері «Біз біргеміз! Nur Otan» республикалық акциясына белсенді қатысуда. Бір күннің ішінде арнайы қорға 35 миллион теңге аударылған . Соның ішінде 13 миллион теңге қордың есепшотына түсті.

«Ақцияның мақсаты – халықты ең маңызды әлеуметтік азық-түлікпен, антисептикалық құралдармен және медициналық маскамен қамту. Мұндай көмекті бірінші кезекте жалғызбасты қариялар, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар алады. Қазір 500- ден аса азық-түлік жиынтығы дайын тұр. Осындай көмекті 100 адам алып үлгерді» -дейді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Оның айтуынша, акцияға шағын және орта бизнес өкілдерімен бірге қарапайым тұрғындар да үлес қосып, белсенділік танытып отыр.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/әlemdik-baқ-koronavirustan-da-қorқynyshty-қauip-bar/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button