Атырауда «BIRLES ATYRAU» ашық байқауы басталды
Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Шығармашылық идеялар байқауына өтінімдер ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникацялар қызметі.
BIRLES ATYRAU – бұл Impact Hub Almaty-ның Шеврон компаниясымен серіктестікте ұйымдастырған ашық идеялар байқауы. Аталмыш жобаның мақсаты – Атырау облысының халқын карантин кезеңінде қолдау, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын жеңіп шығуға көмектесу.
— Әр адам пандемия зардаптарын жеңуге көмектесетін немесе халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік осал топтарды қолдауға көмектесетін идеяны ұсына алады. Идея креативті және әлеуметтік маңызы болуы керек, волонтерлік қызметті жүзеге асыруы тиіс. Байқау жеңімпазына 6 500 000 теңге көлемінде сыйақы қарастырылған, дейді «BIRLES ATYRAU» байқауының ұйымдастырушысы Мерей Ануарбеков.
Айта кетейік, қосымша ақпарат үшін және конкурс туралы сұрақтар бойынша тел: 87024134569 байланыс нөміріне хабарласа аласыз. Өтінімді https://forms.gle/F3h4VA7SkkGbBt3L6 сілтемесі арқылы жібере аласыз.