Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда бірінші топ мүгедегі 13 жыл күткен дипломын алды

Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Atr.kz

Бірінші топ мүгедегі Ләззат Сейілханова 2008 жылы Атырау қаласындағы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бірақ, күні бүгінге дейін дипломын ала алмай келген. Ләззаттың дипломын алуына жоғарыда аталған бағдарлама басшысы Серік Қамидолла ықпал еткен.

«Бұл оқиға кім — кімді де толқытады деп ойлаймын. Ләззат Сейілханова 13 жыл бойы дипломын ала алмай келді. Себеп — оқу ақысын төлеуге қаражатының болмауы.

Ләззаттың арманын орындау үшін колледж басшыларымен сөйлестім. Білім ордасымен келісімге келдік. Ләззат қолына дипломын алды. Оның қалай қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ұсынысымызды қолдаған Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі директоры Мустахим Харенұлына үлкен алғысымды білдіремін» деп жазды Серік Қамидолла.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button