Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бір күнде 34 тонна қоқыс жиналды

Республикалық «Таза табиғат» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Қаланың әр аумағында өткен тазалық шарасына 29 техника жұмылдырылып, 34 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, Әбілқайыр хан даңғылы бойына, Самал ықшам ауданына және ауылдық округтерге жалпы саны 1095 дана тал егілді.

Осы ретте, қала тазалығына бей-жай қарамай, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары кезінде белсене атсалысып жүрген өңір тұрғындары мен мекеме ұжымдарына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Айта кетейік, Атырау қаласы әкімінің қаулысымен 15 наурызы мен 15 мамыр аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланып, әр апта сайын сенбілік ұйымдастырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button