Атырауда бір аптада 4 жасөспірім хабарсыз кеткен
«Қазіргі таңда атыраулық полицейлер тұрғылықты мекен-жайынан хабар-ошарсыз шығып кеткен 4 жасөспірімді ата-анасына табыстады» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау қаласының аумағында 2021 жылдың 12-18 сәуір аралығында яғни, бір апта ішінде жасөспірімдердің өз үйлерінен хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының 102 операторына 4 хабарлама тіркелген.
Мысалы, 2021 жылдың 18 сәуір күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 36 жастағы азаматша хабарласып, Ашхабад көшесінде орналасқан тұрғылықты мекен-жайынан 8 жастағы жасөспірім қызы күндізгі сағат 13:30 шамасында шығып кетіп, үйіне оралмағандығы жөнінде хабарлама берген.
Хабарлама бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жасөспірім полиция қызметкерлері түнгі сағат 01:00 шамасында қала көшелерінің бірінен тауып, жасөспірімнің өз бетінше көшеге шығып кеткендігін анықтады.
Одан басқа, аталған жасөспірімнің ешқандай мектепте білім алмайтындығы белгілі болды. Сол себепті, 8 жастағы жасөспірім Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әрі қарай, аталған жасөспірімнің ата-анасына қатысты іс-құжаттар Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданатын болады.
Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, хабар-ошарсыз кеткен жағдайда тез арада
“102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.