Атырауда бес адам жеңілдікпен автонесиелеуге өтінім берді
«Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 6 ақпаннан бері автомобильге берілетін жеңілдетілген несиеге 2 549 млн теңгенің өтінімі мақұлданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы 6 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ autonesie.kz сайтында «Жеңілдікпен автокредиттеу» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформаны іске қосты. Платформаның алғашқы іске қосылу қорытындысы бойынша пулда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.
Платформа іске қосылғаннан бері autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі – 7,6 млрд теңге. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet», — делінген мәліметте.
Өңірлер бойынша автомобильге ақы төлеуге берілген шоттар:
● Астана – 175;
● Алматы – 79;
● Қостанай обл. – 44;
● Жетісу обл. – 43;
● Шымкент – 41;
● Қарағанды обл. – 20;
● Шығыс Қазақстан обл. – 13;
● Ақтөбе обл. – 9;
● Солтүстік Қазақстан обл. – 7;
● Жамбыл обл. – 6;
● Атырау обл. – 5;
● Павлодар обл. – 5;
● Ақмола обл. – 4;
● Абай обл.- 4
● Маңғыстау обл. – 3;
● Түркістан обл.-3;
● Батыс Қазақстан обл. – 2;
Қазіргі таңда Бағдарламаға қатысушы банктер («Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «ForteBank» АҚ) жалпы сомасы 2 549 млн теңгеге өтінімдерді қабылдады және мақұлдады. Платформада өтінім берген сәттен бастап, автомобиль берілгенге дейін жеңілдікпен кредит ресімдеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 60 күннен аспайды. Сондай-ақ, бір банк кепілдік хат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушінің бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгінуге құқығы бар екенін атап өткен жөн», — деп жазады қордың баспасөз қызметі.