Атырауда базарлардың бірінде сібір жарасының белгілері анықталды
Атырау қаласындағы базарлардың бірінде қайта тексеру барысында сібір жарасының белгілері анықталып, жедел тест бұл мәліметті растады. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысы негізінде базар уақытша жабылып, дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.
Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
–Бұған дейін сала қызметкерлері қаланың 65-тен астам сауда нүктесінен 700-ден астам сынама алып, олардың барлығы теріс нәтиже көрсетті. Алайда, қайта тексеру кезінде алынған үлгілердің бірінен сібір жарасының белгілері байқалғандықтан, қосымша зерттеулер үшін сынамалар Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына жіберілді. Бұл зерттеудің нәтижелері бірнеше күн ішінде жарияланбақ. Қазір аталған дерек бойынша эпидемиологиялық тергеу басталды, — деді А.Аймұратова.
Сондай-ақ спикер өз сөзінде сібір жарасына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.
–Етті тек ветеринарлық бақылаудан өткен және ресми түрде тексерілген орындардан сатып алған жөн. Жеңсік асты қолданар алдында толықтай пісіріп, оның ішкі температурасына ерекше назар аудару қажет, — деді Алтынгүл Бөкенбайқызы.
Тоғжан ЕРМЕК