АТЫРАУДА БАТПАҚҚА БАТҚАНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Мақат ауданында автокөлікте батып қалған адамдарды шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
24 наурызда сағат 08.25-те Мақат ауданы Доссор кентінен 35 шақырым жерде орналасқан «Сармайшағыл» участкесі маңында автокөлік батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, «Нива» маркалы автокөлік батпақты жерде батып қалғандығы анықталды. Автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысын қауіпсіз жерге, яғни Доссор кентіне жеткізу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Дәрігерлік көмекті қажет етпейді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №8 Өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдыпылды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы