Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда батагөйлер арасында республикалық байқау өтті

Atr.kz/14 наурыз, 2019 жыл. «Батаменен ел көгерер…» дейді халық даналығы. Көрісу күні мерекесі аясында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Батаменен ел көгерер…» атты республикалық байқау өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына орай батагөй ардагерлер арасында ұйымдастырылған сынға еліміздің әр облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында іріктеу сайысынан өткен 17 үміткер қатысты.                  

Ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатындағы ұлағатты шараны өткізуге «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Атырау облысы әкімдігі ұйытқы болды.


Байқауға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев төрағалық етті.

Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрметті судья Бекет Тұрғараев, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәрбану Бейсенова, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Нұртілеу Иманғали, республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің жұртшылықпен байланыс және баспасөз бөлімінің басшысы Жанат Елубаев, Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов  байқауға қазылық етті.

(Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқып таныса аласыз)

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

  • Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары:

Батагөйлер – елдің асыл қоры

Бата  –  қасиетті ұғым. Ол магиялық ерекше күшке ие. Оның  электрдинамикалық

әсері басым. Адамды өнерге, өмірге, еңбекке ұмтылдыратын тылсым күші бар. Дүниеге келген сәби де,  босағаны жаңа аттаған келін де, жол жүретін жолаушы да бәрі батаменен көгеріп жатады. Сондықтан,  біздің батагөй ақсақалдарымыз – еліміздің асыл қоры. Оларды қашан да ардақтай білуіміз қажет. Бұл ақсақалдар – екі миллион ардагердің арасынан оза шыққан саңлақтар. Әрбір жас аға буын өкілдерінен бата ала отырып, олардан үлгі-өнегені бойларына сіңіруі қажет. Әрбір шаңырақтың отағалары дастархан басында бата беруді әдетке айналдыруы  маңызды.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button