Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды

Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Бағдарламаға 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар қатыса алады.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев мәлімдеді.

— Аталған бағдарлама ең алдымен, аз қамтылған отбасыларды, яғни, қазіргі таңда жалдамалы пәтерлерде, басқа біреудің пәтерінде, уақытша тұрақтарда тұратын, бастапқы жарнаға ақша жинай алмайтын отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету болды. Сондықтан да, алғашқы талап – отбасылар аз қамтылған болуы тиіс.

67214010 728783620889640 168924418121138176 n

Отбасының бір мүшесіне кіріс 42 500 теңгеден аз болуы керек. Яғни, егер бізге тек жолдасы жұмыс істеп, жары балалар күтімімен айналысып, жұмыс істемейтін болса, онда олардың табысы 255 мың теңгеден аспауы қажет. Осылайша, бастапқы жарнаны жинауға шамалары жетпей жүрген адамдар бірінші кезекте өтеді, — дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Аталған несие аясында жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға болады. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие алу үшін өтініш берушінің жеке басында және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде өтінім берген кезде жеке баспаналары болмауы қажет.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button