Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда БАҚ қызметкерлері бір сәтке өрт сөндіруші рөлінде болды

Атыраулық бір топ БАҚ қызметкерлері №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмыс күнімен танысты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз туры «19 қазан – Құтқарушылар күні» атаулы мейрамына орай өтті. БАҚ өкілдері құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің техникалық жабдықтарымен және авариялық-құтқару құралдарымен  танысып, өрт сөндіруші формасын киіп, қысқа уақытқа осы рөлді сезінді.

Кейін құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатынан өзін-өзі  қалай құтқару керектігін көрсетті.  Журналистерге өрт сөндіру автомобилінің құрылысы туралы айтылды. Бөлім жанынан жасақталып жатқан мұражайға да экскурсия өткізілді.

31832987 775d 48d9 8a1b db44f957c5ec

— Бөлімде штатты түрде 108 қызметкер еңбек етуде. Әр күндері арпалыс пен жауапкершілікке толы. Атаулы мейрам қарсаңында БАҚ өкілдері өр мінезді ұландар мен қайсар ардагер құтқарушылардың жұмыс күнін өз көздерімен көрсе деген мақсатымыз болды. Сіздердің басты қағидаларыңыз бұқараға дұрыс ақпарат жеткізу болса, біздің басты міндетіміз — азаматтарды құтқару, — деді №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айбек Қоспанғалиев.

2fa58263 4689 4e77 9689 cd5a1eb321e1

Айта кетейік, 19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.

2737b295 5a9a 4577 a22c 22ea35e08228

Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын  үнемі жетілдіріп отырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button