
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚұқық
Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзған 1886 іс анықталды
Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлімдеді.
- Балық ресурстарын сақтау мақсатында полиция және шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске бағытталған іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Сол жұмыстардың нәтижесінде осы жылы өңірде балық қорғау заңнамасын бұзған 1 886 факт анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды.
- Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, — деді Артур Сәдібекұлы.
«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»
