Атырауда автокөлік жолағы сызылады

167042316 1331832967199183 4701643940748891517 n Жаңалықтар

Атырауда 1 сәуірден бастап автокөлік жолдарының жолақтары жаңартылады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Жұмысты байқауды жеңіп алған «Атырау ДорЗнак» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізетін болады.Атап айтқанда, қала көшелерінде термопластикадан ұзындығы 10 000 шаршы метр жолақтары сызылмақ.

Сонымен қатар, жыл ішінде 2000 жол белгісі жаңадан қойылады, деп жоспарлануда. Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүзеге асырылып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы 9000 шаршы метр автоккөлік жолағы жаңартылған болатын.

«Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз