Жаңалықтар
Атырауда автобустарға «Ashyq» қосымшасы енгізілді
Бүгіннен бастап, қаладағы барлық автобустарға «Ashyq» қосымшасы енгізілді. Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, автобустарға «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдар кіргізілмейді.
Әйтсе де, ұялы телефоны мен аталған қосымшасы жоқ жолаушылар қоғамдық көлікке міне алады. Себебі, бұл бүгінде аурудан сақтанудың бір шарасы болып табылады.
Ләззат СӘЛІМОВА