Атырауда автобус жүргізушілері жол ережесін сақтамайды

avtobusy atyrau scaled 2 Жаңалықтар

«Автобус»  іс-шарасы басталған 2 күнде 100-ден астам автобус жүргізушілері жауапкершілікке тартылды.

– 21 ақпан 2  наурыз күндері аралығында облыс аумағында жолаушылар көлігі жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау мен жолын кесуге бағытталған «Автобус» жедел-алдын алу іс – шарасы  өткізілуде. Атырау облысында іс-шараның 2 күнінде 108 құқық бұзушылық анықталды,- деді  Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. 

Оның ішінде: 14-жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу, 7-тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау, 23-техникалық байқаудан өтпеген; 23-рульде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану, 4-жылдамдықты арттыру, 24-маневр жасау ережелерін бұзу, 1-мас күйінде көлік құралын басқару, 3 – ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу фактісі тіркелді.

Арнайы тұраққа 5 автобус қойылды.

Барлық тәртіп бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз