Атырауда ауыз сумен қамту бойынша арнайы комиссия құрылды (+ФОТО)
Аtr.kz/14 мамыр, 2019 жыл. Атырауда қала маңындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жұмыс комиссиясы құрылды.
Атырау қаласының әкімдігіне ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қуатты жобалау тапсырылды, деп хабарлады жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі.
Өткен жексенбі, 12 мамырда ауыл тұрғындарының ауыз судың жоқтығына шағымдануына байланысты облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ «Атырау Су Арнасы» мемлекеттік кәсіпорны құрған арнайы жұмыс комиссиясы Еркінқала ауылдық округіне барып, аумақты тексерді.
— Комиссия мүшелері ауылдық округ тұрғындары ауыз сумен заңсыз бақша суару жүргізгендігін анықтады. Ауыз судың жетіспеушілігіне әсер ететін тағы бір факторы су құбыры диаметрінің жеткіліксіздігі. Қазіргі таңда су құбыры тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, себебі Еркінқала ауылдық округін сумен жабдықтау жүйесіне жаңа аумақтар қосылды және тұрғындардың саны айтарлықтай өсті және өсіп келеді, — деп Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкін.
Сауалнама нәтижелері бойынша мәселені шешу үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.
Атап айтқанда, 13 мамырдан бастап қалалық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ тұрақты негізде ауыз суды заңсыз пайдалануды анықтау мақсатында учаскелер бойынша рейд ұйымдастырылады. Ауыз суды заңсыз пайдаланғандарға айыппұл салынады. Сондай-ақ, олар ауыз сумен қамтылуға шектетіледі.
Өз кезегінде, қала әкімдігіне тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін қосымша қуаттарды салу — Жұмыскер ауылдық округіне қосымша су сорғысын орнату, қазіргі трансформаторды жоғары қуатты трансформаторға ауыстыру, сондай-ақ Жұмыскер ауылдық округіне уақытша сумен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру тапсырылды, — деп қорытындылады Шәкір Кәйкін.
Қазіргі уақытта «Атырау су Арнасы» КММ қызметкерлері Жұмыскер және Еркінкала ауылдық округіне су құбырларының қысымын өлшеуге манометр орнатуда.