Атырауда ауыл шаруашылығын қолдауға 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді

prara Жаңалықтар

Атырау облысында 10 айда 73 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

«Атырау облысы республиканың шөл және шөлейтті, құнарлығы төмен аймағында орналасқан. Соған қарамастан мал басының барлық түрі өсіп келеді. Соңғы 5 жылда облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд теңгеге 10 ірі жоба жүзеге асырылып, 689 жаңа жұмыс орны құрылды. 2020 жылға ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді», – деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Махамбет Досмұхамбетовтің дерегінше, облыста 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың төртеуі биыл құрылды.

«Биыл егіс 9 300 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, одан алынған өнім 6 пайызға өсті. Тұтастай алғанда, облыстың ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 10 айда 73 млрд теңгені құрап отыр», – деді Атырау облысының әкімі.

«Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз