Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ауа +43°С дейін ысиды

Атырау облысында шілде айында ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК АОФ Ауа-райын болжау бөлімінің басшысы Айна Қазғұлова мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, айлық орташа температура +26,9°С пен +29,1°С аралығында болмақ. Бұл көрсеткіш көпжылдық орташа мәннен шамамен 1°С жоғары (қалыпты көрсеткіш: +25,6°С — +27,9°С).

— Шілде айының екінші және үшінші онкүндігінде күн қатты ысиды. Ауа температурасы +38°С-тан +43°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Түнгі уақытта да қатты салқын болмайды — түнгі ауа температурасы +22°С пен +27°С аралығында сақталады, – деді синоптик Айна Казғұлова.

Ауа райының күрт ысуына байланысты мамандар, әсіресе, күннің ыстығына сезімтал жандарды — балаларды, қарттар мен созылмалы ауруы бар тұрғындарды барынша сақтыққа шақырады.

— Ауа температурасының жоғарылауы ағзаның тез шаршауына, қан қысымының көтерілуіне және жүрек-қан тамырлары жұмысының әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Осы кезеңде тұрғындар көлеңкеде жүріп, бас киім киіп, сұйықтықты көп мөлшерде тұтынуы тиіс. Күннің ең қызған уақыты – сағат 11:00 мен 17:00 аралығында далада ұзақ болудан аулақ болған жөн, – дейді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас терапевті Мейіргүл Кенжеғалиева.

Сондай-ақ мамандар бұл кезеңде ресми дереккөздерден ауа райына қатысты ақпаратты бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button