Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Atyrau Jastar Fest-2025» гала-кеші өтеді

Бүгін, 16 тамыз күні жастарды жарқын эмоция мен шабытқа бөлейтін «Atyrau Jastar Fest-2025» гала-кеші өтеді. Шаралар қаланың басты мәдени орындарының бірі – Сұлтан Бейбарыс алаңында ұйымдастырылады.


Алдымен сағат 10:00-де ”AJF Cyber 2025” киберспорт турнирінің плей-офф кезеңдері басталып, сағат 20:00-ге дейін ұйымдастырылады. Ал сағат 17:00–20:00 аралығында «Atyrau Books» кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп, келушілер үшін түрлі шеберлік сағаттары ұсынылады. Ал сағат 20:00-де басталатын «Atyrau Jastar Fest-2025» гала-концертінде «Тәуелсіз ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталады. Кештің хэдлайнерлері – танымал орындаушы ALEM және «6elluchi» тобы.

Айта кету керек, бұл іс-шаралар өңір жастарына шабыт сыйлау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы “Atyrau Jastar Fest-2025” ұлттық онкүндігі аясында қолға алынды. Сондай-ақ, іс-шара өнер мен спортты, білім мен шығармашылықты, жігер мен арманды бір алаңға тоғыстырады. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен қолға алынған фестиваль 24 тамызға дейін жалғасып, жалпы 10 мыңнан астам жасты қамту жоспарланған.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button