Жаңалықтар

Атырауда «Атом уақыты» деректі фильмі көрсетілді

Атыраудағы Абай атындағы оқушылар орталығында «Атом уақыты» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл фильм қазіргі заманғы энергияның ең өзекті мәселелеріне арналған. Фильмде атом электр станциясының қауіпсіздігі, қоршаған ортаға әсері және оның энергияға деген жаһандық сұранысты қанағаттандырудағы рөлі туралы айқын әрі терең ақпарат берілген.

Онда әлемнің жетекші ғалымдары мен инженерлері АЭС-тің артықшылықтары мен сын-қатерлері жайында әңгімеледі.
Көрсетілімнің көздеген мақсаты —
қазіргі энергия тапшылығы мен климаттың өзгеруіне байланысты атом энергетикасының маңызын көрсету. Сонымен қатар АЭС-тің заманауи технологияларының қауіпсіздігін және экологиялық тазалығын түсіндіру.
Бұл көрсетілімнен күтілетін негізгі нәтиже төмендегідей:

-Атом энергетикасы туралы мифтерді талдау;

-АЭС-тің болашақ энергияға әсерін түсіндіру;

-Жетекші сарапшылардың пікірлері мен тәжірибелерін тарату.

Фильмнен кейін сала сарапшыларының қатысуымен ашық пікірталас өтті. Қатысушылар атом энергетикасының даму перспективалары мен оның Қазақстандағы рөлі туралы ой бөлісті.
Көрсетілім атом энергетикасының болашағын түсінуге мүдделі барлық аудитория үшін қызықты болды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button