Атырауда арнайы монеталар айналысқа шықты
Atr.kz/27 қараша, 2019 жыл. Қазақстан Ұлттық Банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Quraq kórpe» коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
«Quraq kórpe» монеталарының сипаттамасы:
Әйгілі қазақ көрпесінің тарихы ежелден бастау алады: әуелі көрпешені сәбидің үстіне жабады, одан соң ол түрлі түсті көрпенің үстінен жүгіреді. Ал тағы біреулер бұл көрпені қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі – осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе.
Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалды. Монетаның аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF
KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба бар. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек.
Монетаның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq kórpe» деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.
Техникалық сипаттамалар:
Монеталар 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
Номиналы 200
теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарының сипаттамасы:
«Мера барқыты» көбелегі Қазақстанның тауларында кездеседі, Кіші, Орта және Орталық Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы – Мерамен байланысты.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «200 TEŃGE» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеуді және түрлі түсті басып шығаруды қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде «Kόbelek. Lasiommata maera» (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін «Kóbelek 2019» деген жазба.
Номиналы 100 теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарының сипаттамасы:
Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеуді қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде «Kόbelek. Lasiommata maera» (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін «Kóbelek 2019» деген жазба.
Техникалық сипаттамалар:
Монеталар интерференциялық құбылмалы бейнелеу технологиясын қолдана отырып мельхиор қоспасынан дайындалған.
- номиналы 200 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «рrооf-like» сапасымен дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 5 000 дана;
- номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «brilliant uncirculated» сапасымен дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы – 20 000 дана.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
«Proof-like» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады.
«Brilliant uncirculated» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.
Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Коллекциялық монеталарды Атырау қаласы, Уәлиханов көш., 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан сатып алуға болатынын хабарлаймыз. Кассаның жұмыс уақыты 8:30 бастап 14:00-ге дейін.
Байланыс телефондары: 55-65-14, 55-65-15.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарының кассаларындағы монеталардың сатылатын бағасы және болуын www.nationalbank.kz ресми сайтынан көруге болады.
Арайлым Асылбекқызы,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары