Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА АРМЕНИЯ КӨЛІКТЕРІН ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА…

Атырауда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жалғасуда.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын әкелуінің және пайдалануының кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің (20.05.2020 жылғы №306) қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің (27.02.2021 жылғы №104) қаулысы бар. Соған сәйкес, биылғы 1 наурызға дейін ел азаматтарына Арменияның уәкілетті органдарында тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін елге әкелінген, басқару органдары сол жақта орналасқан, сондай-ақ, оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған (көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсына отырып) көлік құралын тіркеу мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жалғасуда.

Тіркеу мерзімі аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды. Осыған орай, облыстық полиция департаменті тұрғындарға тіркеуді кешіктірмеуді ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button