Атырауда ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырауда ардагерлер арасында шахматтан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникацияла қызметі.
Дәстүрлі шахмат турнирі облыстық ардагерлер кеңесі, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ғ.А. Айдарәлиев атындағы облыстық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен 6-шы рет өткізіліп отыр.
— Шахмат турнирі өте жоғары дәрежеде өтті. Қала және аудандардан 25 ардагер қатысты. Спорттың осы түрін серік еткен ардагерлеріміз бір-біріне дес бермей, ойынның көрігін қыздырды. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шара жалғасын табады, — деді Ғ.А. Айдарәлиев атындағы шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Гайсин.
Өзара тартысты да қызықты өткен турнирде
І дәрежелі дипломмен Азидолла Хамиевпен Амангелді Сақтағанов марапатталып, медаль иеленді.
Ахмеджан Иманғалиев және Жексенбек Рахметов ІІ дәрежелі, Есен Құсайынов пен Оразбек Жұмабаев ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар, жүлдегерлерге қаржылай сертификаттар табысталды.