Жаңалықтар
Атырауда аптап ыстық салдарынан дәрігерге жүгінушілер көбейді
Атырауда аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыру жиілеп кетті.
Орташа есеппен шақыртулар саны 25-30% — ға өсті, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«103» қызметі хабарлағандай, егер бұған дейін
тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түссе , аптап ыстықта шақыртулар саны 950-ге дейін өсті.
- Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңыраулар 1100-ге жетті. Негізінен, артериялық гипертониясы , сондай — ақ инсульттан кейінгі асқынулары бар тұрғындар көп шағымдануда,-деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жедел респираторлық аурудың таралуы да артқан. Дәрігерлер мұны бөлмедегі температураның өзгеруімен, салқын су ішумен байланыстырады.