АТЫРАУДА «ANTIKOR ORTALYGY» АШЫЛАДЫ

a0c8f8 Жаңалықтар

Atr.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл.  26 желтоқсан күні Атырауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ашылады.

Атырау облысы бойынша департаменті облыстағы құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып «Open space» форматына көшті.

Жұмыстың жаңа форматының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысады.

Шара барысында сервистік орталықтың ғимараты, арнайы кеңес беру бөлмелері, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесі, баспасөз орталығы көрсетіледі.

«ANTIKOR ORTALYGY» азаматтардың әр сұрағына жайлы жерде жедел әрі тиянақты жауап алатын орынға айналмақ.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сапары аясында Атырау облысы әкімі аппаратының жанында «Адалдық дүкенінің» ашылу салтанатына, «PBI» жобасының аясында ұйымдастырылатын кәсіпкерлермен кездесу-форумына қатысу жоспарланып отыр.

Өтетін орны: Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2а.

Уақыты: 26 желтоқсан 2019 ж., 15:00

Журналистерді аккредиттеу dgs15@bk.ru электрондық поштасы бойынша 25 желтоқсан күні сағат 10.00-ге дейін жүргізіледі.

Қосымша ақпарат үшін: 8 (7122) 71-75-27, 8-778-159-99-47 (Айдана Аманиязова)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз