Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ана мен бала өлімі мәселесі бойынша көшпелі отырыс өтеді

Мұнайлы өлкеге жұмыс сапарымен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары мен Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері келді. Мұнда бірлескен көшпелі отырыс өтпек. Іс-шара барысында ана мен бала өлімін азайту мәселесі талқыланбақ. Көшпелі отырыс аясында депутаттар облыстық перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы, қалалық перзентхана қызметімен танысты.

d76964bc f06a 47ab b9b6 f8f76408ec46

-Біздің өңірге келгендегі басты мақсатымыз — мамандармен тілдесіп, олардың талап-тілектерін білу. Яғни, орталық мемлекеттік органдарға жеткізетін өзекті мәселелерді тыңдау үшін келдік. Перинаталдық орталықта болған кезде облысқа жаңадан үлкен перинаталдық орталықтың қажеттігі атап айтылды. Әрине, қазір ЖСҚ жасақталып жатыр деген мәлімет берілді. Дегенмен, оның қаншалықты жедел жүзеге асуы да үлкен мәселе. Сондықтан, ең алдымен ана мен баланың денсаулығы басты басымдық болуы тиіс. Екінші облыстық балалар ауруханасына келдік. Мұнда да өңірде жұмыс істеп тұрған жалғыз орталық аурухана болғаннан кейін қалалық балалар ауруханасының қажеттілігін білдік. Ақиқатын айту керек, стандартқа сәйкес Атырау қаласының ауқымын ескеретін болсақ, қалалық балалар ауруханасын салу керек. Ол да жоспардың еншісінде екен. Бұл мәселе де біздің жанымызға аяздай батып тұрған проблема. Сондай-ақ үлкен ауруханаға кардиолог дәрігер қажет екенін байқадық,-дейді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

f98c58c4 21d8 45e8 aee6 4ce39e352b26
d541b146 db1a 4fd0 bcab 68b5ec1d88fd
0dc252ea d6be 411d 94eb e49d70d90cb4


Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button