АТЫРАУДА «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен актив отырысы өтті.
«Amanat» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінің шешімдерін орындауда облыстық филиал алдындағы міндеттер баяндалды.
Филиал төрағасының бірінші орынбасары мен аумақтық филиал төрағаларына бірқатар міндеттер жүктеді.
«Барлық ірі бастауыш партия ұйымдарының жанынан қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашу қажет. Сондай-ақ, партия мүшелері, депутаттар, жергілікті атқарушы орган басшыларының көшпелі түрде халықпен кездесуін жиі ұйымдастыру керек» деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек, өңір басшысы партиялық бақылау, қоғамдық кеңес сынды партиялық алаңдардың жұмысын тиімді пайдалануға тапсырма берді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Суретті түсірген: Расул СЕРІКОВ